Ырғыз ауданында АИТВ-инфекциясының алдын алу мақсатында дәрістер өткізілді
13-14 мамыр күндері Облыстық ЖИТС орталығының маманы Меруерт Матаева АИТВ-инфекциясының алдын алу мақсатында Ырғыз ауданына іс-сапармен барды. Іс сапар барысында Ырғыз аудандық ЖББОМ, Ы.Алтынсарин ат. ЖББОМ мұғалімдерімен оқушыларына, Қазақтелеком, Ырғыз аудандық ішкі істер бөлімінің қызметкерлеріне түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Маман АИТВ-инфекциясынан қорғау шаралары мен берілу жолдары, стигма, АИТВ-позитивті адамдарға қатысты кемсітушілікке жол бермеу туралы ажәне Ақтөбе облысы бойынша АИТВ-жұқпасына байланысты эпидемиологиялық жағдаймен таныстырды. Іс-шара барысында стигма және кемсітушілік және АИТВ-инфекциясының берілу жолдары бойынша тренинг өткізілді.