«Қайырлы таң Ақтөбе!» бағдарламасында қонақта
ЖИТС ОО дәрігер эпидемиологы Алтынай Артықбаева 20 мамыр күні «AQTOBE» телеканалының «Қайырлы таң Ақтөбе!» бағдарламасында қонақта болды.
Спикер Дүниежүзілік ЖИТС-тен қайтыс болғандарды еске алу күні аясында АИТВ-инфекциясының алдын алу мақсатында өткізілген іс-шаралар, АИТВ-жұқпасы бойынша облыста қалыптасқан эпидемиологиялық жағдай туралы айтып берді. Сонымен қатар маман тұрғындарды қауіпті мінез құлық болған кезде АИТВ-ға уақытылы тексеріліп өз АИТВ-статусын білуді шақырды. АИТВ-ға зертханалық тексеру тұрғындарға тегін жүргізіледі. АИТВ жұқпасын дер кезінде анықтап ем қабылдау өмір сапасын және өмір сүру ұзақтығын арттыруға көмектеседі».