Медицина қызметкерлеріне ұйымдастырушылық-әдістемелік көмек көрсетілді
22-23 мамырда профилактикалық бөлімінің эпидемиологы Алтынай Артықбаева №7 қалалық емхананың медицина қызметкерлеріне семинар өткізді.
Семинар барысында АИТВ-ға экспресс-тестілеуді өткізу техникасы, экспресс-тестілеудің сапасын қамтамасыз ету және бақылау, нәтижелерді түсіндіру құжаттамасын жүргізу негіздері мәселелері қамтылды.
Тыңдаушыларға АИТВ-ға жедел тестілеуді өткізу әдістемесі техникасы бойынша оқыту шеберлік сыныбы өткізілді.
Спикер Ақтөбе облысы бойынша эпидемиологиялық жағдай туралы, тиісті контингенттің, оның ішінде жүкті әйелдер мен олардың жыныстық серіктестерінің, реципиенттер мен фертильдік жастағы әйелдердің АИТВ-инфекциясына тексеру мәселелері туралы айтты.