АИТВ және туберкулез
1882 жылы 24 наурызда, доктор Роберт Кох туберкулезді қоздыратын бактерияның табылғанын жариялады, бұл ауруды диагностикалау мен емдеуді одан әрі іздеуге мүмкіндік берді.
Туберкулез әлемдегі ең қауіпті инфекциялардың бірі болып қала береді. Күн сайын туберкулезден 4100-ден астам адам қайтыс болады және 28000-ға жуық адам осы алдын алуға болатын және емделетін аурумен ауырады. 2000 жылдан бастап туберкулезге қарсы жаһандық күш - жігер шамамен 66 миллион адамның өмірін сақтап қалды. Алайда, COVID-19 пандемиясы аурумен күресте қол жеткізілген жетістіктерді жойды. 2020 жылы он жылдан астам уақыт ішінде алғаш рет туберкулезден болатын өлім-жітімнің өсуі байқалды.
АИТВ-инфекциясы аясында туберкулез тез дамып келеді. Сондықтан, сізде жөтел болмаса да, бірақ дене қызуының жоғары көтерілуі, түнгі терлеу, қатты әлсіздік, салмақ жоғалту сияқты белгілер пайда болса да, дереу ЖИТС орталығына хабарласыңыз, өйткені онда дәрігерлер АИТВ - инфекциясы аясында аурудың көріністерін жақсы біледі.
Туберкулезге тексерілуді ұмытпаңыз: АИТВ-инфекциясымен өмір сүретін адамдар үшін бұл 6 айда немесе жылына бір рет кеуде мүшелерінің флюорографиясы немесе кеуде мүшелерінің шолу рентгенографиясы.