Ембі қаласында АИТВ-инфекциясының алдын алу мақсатында дәрістер жүргізілді
АИТВ-инфекциясының алдын алу мақсатында 28-29 мамыр күндері ЖИТС орталығының мамандары Ембі қаласында іссапармен болды. Іс-шара барысында орталық маманы Самал Мұханбетжанова Ембі қаласының әкімдігі, №1,2,7 жалпы жалпы білім беретін мектептерінің, Жем локомотив Депосы, Өрт сөндіру бөлімі, полиция бөлімшесінің қызметкерлері арасында дәрістер оқыды.
Іс-шараның мақсаты-халықты АИТВ-инфекциясы және оның берілу жолдары, сақтық шаралары туралы хабардар ету. Спикер тыңдаушыларға Ақтөбе облысы бойынша эпидемиологиялық жағдаймен, АИТВ-мен өмір сүретін адамдарға қатысты, стигма және кемсітушілікке жол бермеу туралы және авариялық жағдайлар кезінде АИТВ-инфекциясының қатынастан кейінгі профилактикасы туралы толық ақпарат берді.