31
май 2024
ЖИТС орталығының мамандары ұйымдастырушылық-әдістемелік көмек көрсетті
28-29 мамырда Облыстық ЖИТС орталығының мамандары Әлия Еркібекова мен Динара Уразалинова ұйымдастырушылық-әдістемелік көмек көрсету үшін Ембі аудандық ауруханасына барды. Мамандар медицина қызметкерлеріне семинар өткізіп, Ақтөбе облысы бойынша эпидемиологиялық ахуал туралы, тиісті контингенттің, оның ішінде жүкті әйелдер мен олардың жыныстық серіктестерінің, реципиенттер мен фертильді жастағы әйелдердің АИТВ-инфекциясына тексеру мәселелері туралы айтып берді.