10
июнь 2024
Әйтеке би аудандық ауруханысында АИТВ-инфекциясының алдын алу бойынша іс-шаралар жүргізілді
3-4 маусым күндері Облыстық ЖИТС орталығының мамандары Табиға Жулумова мен Сандуғаш Жулмагамбетова Әйтеке би ауданына іссапар барысында аудандық аурухананың медицина қызметкерлеріне семинарлар жүргізді. Іс-шара барысында мамандар, АИТВ-инфекциясына байланысты нормативті құқықтық құжаттар, тиісті контингенттің, оның ішінде жүкті әйелдер мен олардың жыныстық серіктестерінің, реципиенттер мен фертильді жастағы әйелдердің АИТВ-инфекциясына тексеру мәселелері, Ақтөбе облысы бойынша эпидемиологиялық ахуал туралы айтып берді.