Ақтөбеде аутрич қызметкерлеріне арналған тренинг өтті
Ақтөбеде ЖИТС - тің алдын алу және оған қарсы күрес жөніндегі орталығы мен "Наша жизнь" қоғамдық қорының аутрич-қызметкерлері үшін синтетикалық есірткіні қолданудың зияны мен салдарын азайту бойынша тренинг өтті.
Іс-шара "АИТВ эпидемияны бақылау жөніндегі Алматы моделі" (АМЕС) жобасын іске асыру шеңберінде өткізілді.
Слава Суслов - "Community Friends" ҚҚ жаттықтырушысы баяндамалар жасап, қатысушыларды синтетикалық есірткіні тұтынушылармен профилактикалық жұмыс туралы ақпаратпен таныстырды. Ол жастар арасында синтетикалық есірткіні қолданудың өсуіне ерекше назар аударды, бұл АИТВ-инфекциясы мен жыныстық жолмен берілетін инфекциялардың таралу қаупін жоғарылатады.
Тренингке қатысушылар халықтың негізгі топтарына қатысты стигма мен кемсітушіліктің алдын алу мәселелерін, ұсынылатын профилактикалық қызметтер кешенінің тиімділігін арттыру шараларын талқылады.
Ақтөбеде 2021 жылдан бастап ЖИТС, туберкулез және безгекпен күресу үшін Жаһандық қордың грантын іске асыру аясында "Наша жизнь" ҚҚ жұмыс істейді. Қордың қызметі халықтың негізгі топтарын профилактикалық бағдарламалармен және АИТВ-ға тестілеумен қамтуға бағытталған.
- "Біздің тәжірибеміз көрсеткендей, мұндай тренингтерде аутрия қызметкерлерді оқыту профилактикалық іс-шаралардың сапасы мен тиімділігін арттыру үшін маңызды ынталандыру болып табылады. Аутрич-қызметкер халықтың негізгі топтарына ең жақсы қолжетімділікке ие, оларға АИТВ-ның алдын алу, қауіпсіз мінез-құлық бойынша кеңес беру, есірткіден болатын зиянды азайту үшін ақпарат пен құралдарды ұсынады. Оқытылған аутрич қызметкері халықтың қолы жетпейтін топтары мен ЖИТС орталығының мамандары арасындағы "көпір" болып табылады", – деп атап өтті "Наша жизнь" ҚҚ басшысы Берік Шаштыгарин.
Ақтөбе ЖИТС орталығының бас дәрігерінің орынбасары - Анна Каспирова және семинарға қатысушылар жаттықтырушыға алғыстарын білдіріп, АИТВ-инфекциясының алдын алу ісіндегі осындай іс-шаралардың маңыздылығын атап өтті.