12
апрель 2019
Ақтөбе қаласындағы ата-аналармен кездесу
2019 жылының он бірінші сәүірінде облыстық ЖИТС алдын алу және оған қарсы күрес жөніндегі орталығының эпидемиолог дәрігері Д.Уразалинова Ақтөбе қаласының №29 орта мектебінің ата-аналарымен кездесу өткізді.
Кездесу барысында эпидемиолог дәрігері АИТВ-жұқпасының берілу жолдары, алдын алу шаралары, Ақтөбе облысы бойынша эпидемиологиялық жағдайы, сонымен қатар стигма мен оқшаулау туралы толық мәлімет берді.
Дәрігер облыста синтетикалық есірткінің пайда болуына және олардың таралу тәсілдеріне ерекше мән беріп, қатысушылардың барлық сұрақтарына жауап берді.