Қатынасқа дейінгі алдын алу (ҚДАА) және қатынастан кейінгі алдын алу (ҚКАА)
Қатынасқа дейінгі алдын алу (ҚДАА) және қатынастан кейінгі алдын алу (ҚКАА) - АИТВ-инфекциясы жоқ адамдарда АИТВ-инфекциясының алдын алу мақсатында арнайы препараттарды қабылдау.
ҚДАА АИТВ жұқтырған адаммен байланысқа түскенге дейін, ал ҚКАА кейін қабылданады.
ҚДАА АИТВ жұқтыру қаупі бар барлық кезең ішінде қабылданады.
ҚКАА АИТВ жұқтырған адаммен байланыста болғаннан кейін 28 күн ішінде қабылданады.
ҚДАА және ҚКАА тек кеңес бергеннен кейін дәрігер тағайындайды.
ҚДАА және ҚКАА дұрыс қабылданған жағдайда ғана тиімді болады.
Қаншалықты тиімді?
ҚДАА
ҚДАА -ны үнемі және дұрыс қолдану жыныстық қатынастан АИТВ жұқтыру қаупін шамамен 99% - ға және инъекциялық есірткіні қолданудан 74% - ға немесе одан да көп төмендетуі мүмкін.
ҚКАА
ҚКАА -да үнемі және дұрыс қолдану организмде АИТВ-ның дамуына жол бермейді, алайда, бұл 100% тиімді емес. Үлкен тиімділік үшін ҚКАА қабылдауды мүмкіндігінше ертерек бастау маңызды.