«Репродуктивті денсаулық» апталығы аясында ашық есік күні
27 маусым күні «Репродуктивті денсаулық» апталығы аясында Ақтөбе ЖИТС орталығы маманының қатысуымен Ақтөбе облыстық тері венерология диспансерінде тұрғындарға «Ашық есік» күні өтті.
Тұрғындарға күні бойы репродуктивті денсаулықтың маңыздылығы туралы хабардарлықты арттыруға бағытталған кеңестер мен әңгімелер өткізілді. Мамандар жүктілікті жоспарлау, жыныстық жолмен берілетін инфекциялардың (ЖЖБИ) алдын алу және емдеу, АИТВ-инфекциясы мен ЖЖБИ бойынша эпидемиологиялық жағдай бойынша ақпарат берді.
Ақтөбе ЖИТС орталығының дәрігер эпидемиологы Динара Уразалинова тұрғындарға АИТВ-инфекциясы, берілу жолдары, алдын алу шаралары бойынша кеңестер жүргізді.
Іс шараның мақсаты жасөспірімдердің жыныстық өмірдің ерте басталуымен байланысты қауіптер, калаусыз жүктіліктің алдын алу, жасөспірімдер арасында жыныстық жолмен берілетін инфекциялардың жане АИТВ- инфекциясының таралуын болдырмау.