Перзентхана қызметкерлері экспресс-тестілеу бойынша оқытылды
Ақтөбе темір жол ауруханасының перзентхана бөлімшесінің жаңа базасында медицина қызметкерлері үшін оқыту семинары өткізілді. Семинар аясында дәрігер-эпидемиолог Алтынай Артықбаева тиісті контингенттің АИТВ-ға тексерілуі және АИТВ-ның анадан балаға берілуінің алдын алу бойынша мәселелерді атап өтті.
Ақтөбе темір жол ауруханасының перзентхана бөлімшесінің жаңа базасында медицина қызметкерлері үшін оқыту семинары өткізілді. Семинар аясында дәрігер-эпидемиолог Алтынай Артықбаева тиісті контингенттің АИТВ-ға тексерілуі және АИТВ-ның анадан балаға берілуінің алдын алу бойынша мәселелерді атап өтті.
ЖИТС орталығының лаборанты Эльвира Анешова капиллярлық қанның көмегімен «Determine HIV earlydetect» экспресс-тесттерімен жұмыс істейтін орта медицина қызметкерлеріне АИТВ-ға жедел тестілеудің техникалық сапасын бақылау бойынша тренинг өткізді. Семинардың практикалық бөлімі пысықталды: саусақтан қан алу, пипеткамен және таймермен жұмыс істеу, капиллярлық қанды қолдану арқылы АИТВ-ға тестілеу әдістемесі, күнделікті сапаны бақылау, экспресс-тестілеу нәтижелерін түсіндіру және тіркеу.
- «Тексеруден өтпеген немесе АИТВ-ға бір реттік тестілеуден өткен аналар үшін экспресс-тестілеу Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің «АИТВ-инфекциясына міндетті құпия медициналық тексеру жүргізу қағидаларын бекіту туралы» № 211 бұйрығына сәйкес жүргізіледі. Нәтиже оң болса, АИТВ-ның анадан балаға берілуін болдырмауға бағытталған шараларды бастау қажет. Сонымен қатар, жаңа туған нәрестелерге ана сүтімен жұқтыру қаупі бар, сондықтан болашақ анаға баласын жасанды тамақтандыру ұсынылады», - деп атап өтті Эльвира Әнешова.
Тәжірибелік оқыту барысында бақылаудың теріс және оң үлгілерін пайдалана отырып, АИТВ-ға жедел тест қою әдістемесі мен техникасы бірлесіп пысықталды, хаттамалар құрастырылды, сапаны сыртқы бағалау жөніндегі бағдарламаға қатысудың мәні түсіндірілді. Тестілеу орындарына баға берілді, жұмысқа жарамдылық критерийлері, проблемалық мәселелер, түзету әрекеттері талқыланды, ұсыныстар берілді. Білім деңгейін бағалауды анықтау мақсатында "АИТВ-ға жедел тестілеу сапасын бақылауды қамтамасыз ету"тақырыбында тестілеу өткізілді.