Ақтөбе медицина орталығының мамандарына семинар
11- 12 маусым күндері облыстық ЖИТС орталығының мамандары Айжан Жайлаубаева және Айнур Маханова АИТВ-инфекциясының алдын алу мақсатында Ақтөбе медициналық орталығында медицина қызметкерлеріне ұйымдастырушылық-әдістемелік көмек көрсету барысында семинар өткізді.
Іс-шара барысында медицина қызметкерлеріне облыс бойынша эпидемиологиялық жағдай туралы, АИТВ/ЖИТС жөніндегі нормативтік құқықтық актілері, АИТВ-ға міндетті түрде тексеруге жататындарды тестілеу бойынша ақпарат берілді. Спикер медицина қызметкерлерінің АИТВ-инфекциясына білімін тексеру мақсатында семинарға дейінгі және кейінгі тестілеу өткізді.