АИТВ-инфекциясы мәселелері бойынша қосымша оқу курстарына шақырамыз
Ақтөбе облыстық ЖИТС-тің алдын алу және оған қарсы күрес жөніндегі орталығы медицина қызметкерлерінің АИТВ-инфекциясы мәселелері бойынша біліктілігін арттыру курстары өтетінін хабарлайды. Оқытуды М.Мәметова атындағы Ақтөбе жоғары медициналық колледжінде, М.Оспанов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік медицина университетінде және басқа да медицина қызметкерлеріне арналған оқу орындарында аяқтауға болады.
Қазақстан Республикасында АИТВ-инфекциясының алдын алу шараларын іске асырудың 2023-2026 жылдарға арналған Жол картасына сәйкес АИТВ тақырыптары бойынша біліктілікті арттыру курстары ұйымдастырылады.
2023 жылы Ақтөбе ЖИТС орталығының мамандары келесі тақырыптар бойынша тренер ретінде оқытылды:
• «АИТВ, мерез және С гепатитінің анадан балаға берілуінің алдын алу»;
• «АИТВ-инфекциясын және онымен байланысты ауруларды диагностикалау, алдын алу және емдеу»;
• «АИТВ-мен өмір сүретін адамдарға және жұқтыру қаупі жоғары негізгі популяцияларға қатысты стигма және кемсітушілік».
Ағымдағы жылы осы тақырыптар бойынша барлық мамандықтағы дәрігерлер мен орта медицина қызметкерлерін оқыту жүргізіледі. Ақтөбе облысы бойынша М.Мәметова атындағы жоғары медициналық колледж базасында 2024 жылдың 6 айында қазірдің өзінде 60 орта медицина қызметкері АИТВ бойынша біліктілікті арттыру курстарын тегін аяқтады.