Каргала қалалық ауруханасында АИТВ инфекциясы бойынша ұйымдастырушылық-әдістемелік көмек өткізілді
11-12 шілде күндері облыстық ЖИТС орталығының мамандары АИТВ-инфекциясының алдын алу мақсатында Каргала қалалық ауруханасында ұйымдастырушылық-әдістемелік көмек өткізді.
Іс-шара барысында ЖИТС орталығы алдын алу бөлімінің меңгерушісі Айжан Жайлаубаева АИТВ/ЖИТС жөніндегі нормативтік құқықтық актілері, клиникалық көрсетілімдер бойынша балаларды тексеру, дәрігер инфекционист Алия Ердибекова тиісті контингенттің, оның ішінде жүкті әйелдер мен олардың жыныстық серіктестерінің, реципиенттер мен фертильдік жастағы әйелдердің АИТВ-инфекциясына тексеру мәселелері бойынша медицина қызметкерлеріне семинар өткізді.
Семинар барысында АИТВ-ға экспресс-тестілеуді өткізу техникасы, экспресс-тестілеудің сапасын қамтамасыз ету және бақылау, нәтижелерді түсіндіру құжаттамасын жүргізу негіздері мәселелері қамтылды.
Дәрігер лаборант Шегреева Ардақ тыңдаушыларға АИТВ-ға жедел тестілеуді өткізу әдістемесі техникасы бойынша оқыту шеберлік сыныбын өткізді.