Ақтөбелік медицина қызметкерлері Жол картасы бойынша оқудан өтуде
2024 жылдың 6 айында Ақтөбе облысында 60 орта медицина қызметкері АИТВ мәселелері бойынша біліктілігін арттыру курстарынан өтті.
Естеріңізге сала кетейік, Қазақстан Республикасында АИТВ-инфекциясының алдын алу жөніндегі іс-шараларды іске асыру жөніндегі 2023-2026 жылдарға арналған Жол картасын іске асыру шеңберінде облыста медицина қызметкерлерінің кадрлық әлеуетін арттыру бойынша келесі бағыттар бойынша жұмыстар жоспарланған:
• «АИТВ, мерез және С гепатитінің анадан балаға берілуінің алдын алу»;
• «АИТВ-инфекциясын және онымен байланысты ауруларды диагностикалау, алдын алу және емдеу»;
• «АИТВ-мен өмір сүретін адамдарға және жұқтыру қаупі жоғары негізгі топтарға қатысты стигма және кемсітушілік».
Осы мақсатта 2023 жылы Ақтөбе облыстық ЖИТС-тің алдын алу және оған қарсы күрес жөніндегі орталығының мамандары медицина қызметкерлерін біліктілігін арттыру курстарында оқыту бойынша тренер ретінде оқытылды. Бас дәрігердің емдеу ісі жөніндегі орынбасары Әлия Шапиева диагностика, алдын алу және емдеу бойынша бірқатар семинар-тренингтер өткізді.
Жалпы, 2024 жылдың соңына дейін емханалар мен ауруханалардан мыңға жуық медицина қызметкерін тарту жоспарлануда. Бұл қала мен аудандардағы дәрігерлер мен орта медицина қызметкерлеріне қатысты. Бұл міндеттерді жергілікті бюджет есебінен шешу жоспарланып отыр, осылайша оқыту тегін жүргізіледі.