Кенкияқ селолық ауруханасында семинар
Кенкияқ селолық ауруханасында семинар
АИТВ-инфекциясының алдын алу мақсатында Темір ауданына іссапар кезінде Кенкияқ селолық ауруханасында облыстық ЖИТС орталығының мамандары ұйымдастырушылық-әдістемелік көмек өткізді.
Іс-шара барысында емдеу алдын алу бөлімінің инфекционист дәрігері Алия Ердибекова АИТВ/ЖИТС жөніндегі нормативтік құқықтық актілері, клиникалық көрсетілімдер бойынша балаларды тексеру, тиісті контингенттің, оның ішінде жүкті әйелдер мен олардың жыныстық серіктестерінің, реципиенттер мен фертильдік жастағы әйелдердің АИТВ-инфекциясына тексеру мәселелері бойынша медицина қызметкерлеріне семинар өткізді.
Семинар барысында АИТВ-ға экспресс-тестілеуді өткізу техникасы, экспресс-тестілеудің сапасын қамтамасыз ету және бақылау, нәтижелерді түсіндіру құжаттамасын жүргізу негіздері мәселелері қамтылды.
Дәрігер эпидемиолог Алтынай Артықбаева тыңдаушыларға АИТВ-ға жедел тестілеуді өткізу әдістемесі техникасы бойынша оқыту шеберлік сыныбын өткізді.