16
апрель 2019
АИТВ-жұқпасын алдын алу мақсатында кеңес
2019 жылының 12 сәуірінде облыстық ЖИТС алдын алу және оған қарсы күрес орталығында «Ине арқылы есірткі тұтынушыларды (ИЕТ) АИТВ-жұқпасына тестілеумен қамтуды арттыру және тестілеу еселігін сақтау» тақырыбана кеңес өтті.
Кеңеске ЖИТС ОО, облыстық психикалық денсаулық орталығының мамандары қатысты.
Шарада Ақтөбе облысы бойынша ИЕТ арасындағы эпидемиологиялық жағдайы, ИЕТ-ды тестілеумен қамтудың мәселелері, ИЕТ арасындағы «Зияндылықты төмендету» бағдарламасы және облыста синтетикалық есірткілердің пайда болу жағдайы туралы талқыланды.