Аутрич-жұмысшылар мен медицина мамандарын оқыту
2024 жылғы 10-11 тамызда Ақтөбе қаласында ЖИТС, туберкулез және безгекпен күресу жөніндегі Жаһандық қордың гранттық келісімін жүзеге асыруға бағытталған «Наша жизнь» ҚҚ-ның аутрич қызметкерлері мен ЖИТС орталығының медициналық мамандары үшін тренинг өтті. Тренинг АИТВ құрамдас бөлігіне қатысты және «ҮЕҰ және ЖИТС орталығының мамандары үшін негізгі топтар арасында АИТВ-инфекциясының алдын алу» деп аталды. Тренингтің мақсаты оффлайн және онлайн кеңес беру контекстінде АИТВ-ның алдын алу континуумы бойынша аутрич-консультанттар рөліндегі үкіметтік емес ұйым (ҮЕҰ) қызметкерлерінің кәсіби қасиеттері мен дағдыларын арттыру болды.
Тренинг барысында мынадай мәселелер көтерілді:
- жалпы ақпараттық-түсіндіру жұмыстары дегеніміз не, жүзеге асыру формалары;
- аутрич-қызметкерде жеке және кәсіби қандай қасиеттер мен дағдылар болуы керек;
- аутрич-қызметкерлердің этикалық кодексі.
Сондай-ақ тренинг қатысушыларды АИТВ-ның алдын алу және емдеу аясында негізгі топтарға көмек көрсету әдістері туралы ақпараттандыруға бағытталған. Тренингке қатысушылар АИТВ-ның алдын алу контекстінде ақпараттық-түсіндіру жұмыстарына қажетті білімдері мен тәжірибелік дағдыларын жетілдіруге мүмкіндік алды. Бұл оларға мақсатты аудиториямен тиімді жұмыс істеуге мүмкіндік береді және АИТВ-ның таралуын болдырмауға көмектеседі.