Ақтөбе облысындағы АИТВ-инфекциясының эпидемиологиялық жағдайы
2024 жылдың 7 айында АИТВ-ға тексерілгендер саны 2023 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 2%-ға өсті.
2024 жылдың 7 айына Қазақстан Республикасының азаматтары арасында АИТВ-инфекциясының 43 жағдайы тіркелді. Анықталғандардың ішінде 36 ер адам, 7- әйел, АИТВ-ның жыныстық жолмен берілуі – 41, инъекциялық есірткіні қолдану арқылы парентеральді жұқтыру – 1 және белгісіз жолдар – 1-құрады.
Жұмыс істейтіндер – 23, жұмыс істемейтіндер – 14, орта оқу орындары мен жоғары оқу орындарының студенттері – 4 және зейнеткер – 1, тергеудегі – қамауға алынғандар – 1. АИТВ диагнозы қойылған жас – 18-ден 65 жасқа дейін.