Ақтөбе қаласындағы проблемалық есірткі тұтынуды зерттеу
Ақтөбе облыстық ЖИТС-тің алдын алу және оған қарсы күрес жөніндегі орталығы алғаш рет Ақтөбе қаласындағы проблемалық есірткі тұтынуды зерттеуге кірісті. Бұл мінез-құлық зерттеуі осы мәселенің ауқымы, түрлері, нысандары мен тенденциялары, сондай-ақ соған байланысты әлеуметтік және денсаулық салдары, соның ішінде АИТВ инфекциясы туралы өзекті ақпарат алу үшін үлкен маңызға ие.
Проблемалық есірткі тұтыну адамға нақты зиян келтіретін және адамды осындай зиянның жоғары қаупіне ұшырататын есірткіні қайталап қолдану деп саналады. Тәуелділіктен басқа, денсаулығына байланысты проблемалар, жұмыссыздық, қылмыс, отбасылық және психологиялық проблемалар сияқты жағымсыз салдарлар бар.
ЖИТС орталығының мамандары есірткі қолданатын адамдардан сауалнама жүргізеді. Алынған мәліметтерді талдау әртүрлі препараттарды тұтыну жағдайының сенімді бейнесін алуға мүмкіндік береді. Бұл нашақорлықтан зардап шегетін адамдардың алдын алу, емдеу және оңалту бойынша тек облыстық ғана емес, республикалық деңгейде де тиімді шараларды әзірлеуге мүмкіндік береді.