АИТВ-ға тест
Кез келген адам ЖИТС орталығында (Жамбыл қ., 4) және тіркелген жеріндегі емханаларда тегін және құпия түрде АИТВ-ға тест тапсыра алады.
Сараптамадан өту үшін жеке басын куәландыратын құжат (төлқұжат) қажет.
Тексеру кезінде маман АИТВ-инфекциясы бойынша кеңес береді.
Зерттеу үшін қан тамырдан алынады.
ЖИТС орталығында тестілеуді дүйсенбіден жұмаға дейін 9-00-ден 16-00-ге дейін, түскі үзіліс 13-00-ден 13-30-ға дейін алуға болады. Алдын ала тіркелудің қажеті жоқ.
ЖИТС орталығында АИТВ-ға тестілеу нәтижелерін келесі жұмыс күні сағат 14-00-ден кейін алуға болады.
Талдауда АИТВ-ға антиденелер/антиген бастапқы анықталған жағдайда, қосымша зерттеулер жүргізу үшін зертханалық диагностикалау мерзімі ұзартылады.