Ішкі істер министрлігі мен түзету мекемесі жүйесінде АИТВ-инфекциясының алдын алу жұмыстарының мәселелері талқыланды
23 тамызда Облыстық ЖИТС-тің алдын алу және оған қарсы күрес жөніндегі орталығының мәжіліс залында Қылмыстық атқару жүйесі департаменті, есірткі бизнесіне қарсы күрес басқармасының мекемелері, полиция бөлімінің емханасы мен ауруханасының медицина қызметкерлеріне арналған семинар-кеңес өтті.
Іс-шараның тақырыбы: 2023 жылдың қорытындысы және 2024 жылдың 1 жартыжылдығы бойынша «Ішкі істер министрлігі мен Ақтөбе облысы түзеу мекемесіндегі АИТВ-ның алдын алудың жай-күйі туралы».
Эпидемиологиялық бөлімнің басшысы Самат Мұртазин баяндама жасап, Ақтөбе облысы бойынша және қылмыстық-атқару жүйесіндегі 2023 жылға арналған АИТВ-инфекциясының эпидемиологиялық ахуалына тоқталды және 2024 жылдың 1 жартыжылдығына арнаулы контингенттерді сараптау, медициналық қызметкерлер арасында жанасудан кейінгі профилактика бойынша жұмыстарды ұйымдастыру, авариялық жағдайлар кезіндегі шараларды сақтау.