Мен татуировка жасағым келеді. АИТВ - дан қалай қорғануға болады?
Міндетті шарт: татуировка кез-келген инфекцияны, соның ішінде гемоконтактілі инфекцияны (қанмен берілетін, мысалы: гепатит, АИТВ-инфекциясы) болдырмайтын жағдайларда жасалуы керек. Салонда барлық қажетті рұқсат беру құжаттамасы (тиісті қызмет түріне лицензия) болуы керек, құрал-саймандар жеке қаптамада бір реттік пайдаланылады, теріні, беттерді және құралдарды өңдеуге арналған дезқұралдар, бояуы бар жеке ыдыстар жеткілікті мөлшерде пайдаланылады. Барлық бір реттік құралдарды ашу міндетті түрде клиент алдында жүргізілуі керек.
Тату-суретшілердің қызметтерін салоннан тыс жерде (үйде) пайдалануға жол берілмейді.