Инфекцияны болдырмау үшін қарапайым ережелерді сақтау керек
Әр жыныстық қатынас кезінде мүшеқапты қолданыңыз
Дұрыс және дәйекті түрде пайдаланған кезде мүшеқаптар жыныстық жолмен берілетін инфекциялардың, соның ішінде АИТВ-ның және жоспарланбаған жүктіліктің таралуын болдырмаудың қауіпсіз және жоғары тиімді құралы болып табылады. Мүшеқаптар қауіпсіз, арзан және кең таралған.
Мүшеқапсыз жыныстық қатынастан аулақ болыңыз
Егер қандай да бір себептермен қолыңызда мүшеқап болмаса, денсаулығыңызға қауіп төнгенше жыныстық қатынастан бас тартқан дұрыс. Сіздің әл-ауқатыңыз бен денсаулығыңызды ойлайтын қамқор серіктес(тер) қорғалмаған жыныстық қатынасты талап етпейді және сізге қауіп төндірмейді.
Ешқашан инъекциялық есірткі қолданбаңыз
Инъекциялық есірткі қолдану АИТВ жұқтыру қаупін тікелей арттырады. Вирус қанға АИТВ-жұқпасы бар адамның қанымен бірге ластанған шприцтен түседі. Бұл жол АИТВ-инфекциясының барлық жолдарының ішіндегі ең қауіптісі деп танылды.