13
сентябрь 2024
АИТВ қандай сұйықтықтарда болады?
Дәрігерлер адам ағзасындағы тек төрт дене сұйықтығында басқа адамға жұқтыру үшін АИТВ-ның жеткілікті концентрациясы бар екенін дәлелдеді. Олар: қан, шәует, вагинальды секреция және ана сүті.
Егер АИТВ-позитивті адамның аталған сұйықтықтарының бірі сау адамның денесіне енсе, онда АИТВ жұқтыру ықтималдығы өте жоғары болады. Зәр, тер, сілекей сияқты басқа дене сұйықтықтарында вирустың өте аз мөлшері бар немесе мүлдем жоқ, сондықтан олар қауіпсіз.