Ақтөбедегі қатынасқа дейінгі профилактика бойынша облыстық семинар
Ақтөбеде облыстың медициналық ұйымдары үшін халықтың негізгі топтарын қатынасқа дейінгі профилактика қызметтерімен қамтамасыз ету бойынша семинар-тренинг өтті.
Іс-шара Қазақстан Республикасында 2023-2026 жылдарға арналған АИТВ-инфекциясының алдын алу жөніндегі шараларды іске асырудың Жол картасы шеңберінде өткізілді.
Семинар-тренинг медицина қызметкерлерін қатынасқа дейінгі профилактика, АИТВ-инфекциясы қағидаттарына оқыту және оларды осы білімді өз тәжірибесіне енгізуге дайындау мақсатында ұйымдастырылды. Тренинг сонымен қатар алғашқы медициналық-санитарлық көмек мекемелері мен халыққа медициналық-әлеуметтік қызмет көрсететін басқа ұйымдар арасындағы ынтымақтастықты нығайтуға бағытталған.
Тренингке қатысушылар әдістің көрсеткіштері, ықтимал жанама әсерлері, мерзімдері мен дозалары туралы білді. Олар сондай-ақ клиенттерге қатынасқа дейінгі профилактика ұсыну әдістемесімен, соның ішінде кеңес беру, тестілеу және өз клиенттерін ЖИТС орталығына жіберудің маңыздылығымен танысты.