Курсанттарға АИТВ-инфекциясы бойынша дәріс оқылды
Облыстық ЖИТС орталығының дәрігер эпидемиологы Динара Уразалинова және медбикесі Жанат Құдайбергенова 30 қыркүйек күні М.Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институтының курсанттарына дәріс өткізді.
Заң институтының тәрбиеленушілері АИТВ-инфекциясы, оның берілу жолдары қорғану шаралары, сондай-ақ Ақтөбе облысы бойынша эпидемиологиялық жағдай туралы дәріс тыңдады. ЖИТС орталығының мамандары қоғамда АИТВ-мен өмір сүретін адамдарғаға қатысты стигма мен кемсітушілік болмау керектігі туралы және антиретровирустық терапия препараттарының арқасында АИТВ-инфекциясымен қазіргі таңда ұзақ және сапалы өмір сүруге болатындығы жөнінде ақпарат берді.