Болашақ медицина қызметкерлерімен кездесу
Облыстық ЖИТС алдын алу және оған қарсы күрес жөніндегі орталығының дәрігер эпидемиологтары Айжан Жайлаубаева және Алтынай Артықбаева мен Жоғары көпсалалы "Болашақ колледжінің" тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Гүлназ Омарованың ұйымдастыруымен колледждің 1-3-4курс студенттері арасында АИТВ жұқпасының алдын алу жөнінде семинар-тренинг өткізілді.
Іс-шара барысында медицина қызметкерлері АИТВ-инфекциясынан қорғау шаралары мен берілу жолдары, стигма, АИТВ-позитивті адамдарға қатысты кемсітушілікке жол бермеу туралы айтып берді. Семинар барысында стигма және кемсітушілік және АИТВ-инфекциясының берілу жолдары бойынша тренинг өткізілді.