23
октябрь 2024
Жұбанов университетінің студенттеріне дәрістер өткізілді
Облыстық ЖИТС орталығының мамандары Меруерт Матаева, Динара Уразалинова, Сандуғаш Жулмағамбетова, Айнұр Тұрғынбаева, Самал Мұханбетжанова Қ.Жұбанов ат. Ақтөбе өңірлік университетінің студенттеріне АИТВ-инфекциясының алдын алу бойынша дәрістер өткізді. Іс-шара барысында медицина қызметкерлері АИТВ-инфекциясынан қорғау шаралары мен берілу жолдары, стигма, АИТВ-позитивті адамдарға қатысты кемсітушілікке жол бермеу туралы айтып берді. Іс-шара барысында стигма және кемсітушілік және АИТВ-инфекциясының берілу жолдары бойынша тренинг өткізілді.