Ақтөбеде үкіметтік емес ұйымдар мен жастар денсаулық орталықтарының қатысуымен дөңгелек үстел өтті
Дүниежүзілік ЖИТС-ке қарсы күрес күні аясында үкіметтік емес ұйымдар мен жастар денсаулық орталықтарының өкілдерімен дөңгелек үстел өтті.
1 желтоқсан Дүниежүзілік ЖИТС-ке қарсы күрес күні – бұл АИТВ-инфекциясының одан әрі таралуына қарсы тұруға әзірлік пен ниетті көрсету, АИТВ мәселесіне, АИТВ-мен өмір сүретін адамдардың мүдделеріне қоғамның назарын аудару мүмкіндігі. Бұл бағыттарды жүзеге асыруда халықтың негізгі топтарымен және ЖИТС орталығының медицина қызметкерлерімен бірлесе отырып жастармен көп жұмыс жүргізетін ҮЕҰ мен жастар денсаулық орталықтарының рөлі жоғары.
Презентациямен профилактикалық бөлім меңгерушісі Айжан Жайлаубаева сөз сөйлеп, жалпы облыстағы АИТВ-инфекциясы бойынша эпидемиологиялық жағдайды және Дүниежүзілік ЖИТС-ке қарсы күрес күні аясында бірлескен алдын алу іс-шараларын өткізу жоспарлары туралы айтып берді.