22
ноябрь 2024
Дүниежүзілік ЖИТС-пен күрес күні аясындағы кеңес
Дүниежүзілік ЖИТС-ке қарсы күрес күні аясында қалалық жастар ресурстық орталығында облыс ведомстволарымен кеңес өтті. АИТВ-инфекциясының алдын алу бойынша өзара іс-қимылды қамтамасыз ету мақсатында кеңес жұмысына облыстық психикалық денсаулық орталығының, қылмыстық атқару жүйесі департаментінің, есірткіге қарсы күрес басқармасының, облыстық және қалалық жастар ресурстық орталығының өкілдері қатысты. Кеңестің негізгі мақсаты жастар арасында қауіпсіз мінез-құлық, нашақорлық пен АИТВ-инфекциясының алдын алу мәселелері бойынша өзара іс-қимылды нығайту болып табылады.
Облыстық ЖИТС орталығының алдын алу бөлімінің меңгерушісі Айжан Жайлаубаева Облыстың АИТВ-инфекциясы бойынша эпидемиологиялық ахуал Кеңеске қатысушыларды Дүниежүзілік ЖИТС-ке қарсы күрес күні шеңберінде бірлескен алдын алу іс-шараларын өткізу жоспарлары туралы таныстырып, қатысушыларды осы науқанға қосылуға шақырды.
Ақтөбе облысы ПД есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасы бастығының орынбасарының м.а. Асхат Асқаровтың айтуынша, жыл сайын әсіресе жастар арасында есірткі заттарын тарату бойынша қылмыс саны артып келеді және олардың арасында есірткі қылмысы мәселесі бүгінгі таңда өзекті болып отыр. Сондықтан біз оқушылармен және студенттермен түсіндіру жұмыстарын жүргіземіз, онда есірткі қылмыстарына қатысудың салдары туралы айтамыз. Жекелеген іс-шаралар негізінен ата-аналармен өткізіледі.