22
ноябрь 2024
«Мейірім» жастарды әлеуметтік бейімделу орталығында кездесу өтті
Дүниежүзілік ЖИТС-ке қарсы күрес күні аясында 22 қараша күні Ақтөбе облысының «Мейірім» жастарды әлеуметтік бейімделу орталығының тәрбиеленушілерімен және орталық қызметкерлерімен кездесу өтті.
Іс шара барысында ЖИТС орталығының дәрігер эпидемиологы Дианара Уразалинова қатысушыларға облысымыздағы қалыптасқан эпидемиологиялық жағдаймен таныстырып, АИТВ-инфекциясының берілу жолдары және қорғау шаралары туралы ақпарат берілді. Сондай-ақ маман тыңдаушылардың сұрақтарына жауап беріп, бүгінгі таңда АИТВ-инфекциясымен уақытылы емін қабылдаса толыққанды өмір сүруге болатынын атап өтті.