Дүниежүзілік ЖИТС-пен күрес күні аясында әскери қызметшілермен кездесу
23 қараша күні ЖИТС орталығының мамандары Ақтөбе облысының қорғаныс істері жөніндегі департаментінің жеке құрамымен АИТВ – инфекциясының алдын алу бойынша кездесу өткізді.
Іс шара барысында алдын алу бөлімінің меңгершісі Айжан Жайлаубаева АИТВ-инфекциясынан қорғану шаралары мен берілу жолдары туралы, сондай-ақ Ақтөбе облысы бойынша эпидемиологиялық жағдаймен таныстырып, АИТВ-ға қатысты стигма мен кемсітушілікті болдырмау бойынша ақпарат берді. Іс-шара соңында ниет білдірушілер АИТВ-инфекциясына жедел тест тапсырып, өзінің АИТВ мәртебесін біліп, мамандардан АИТВ-инфекциясының алдын алу бойынша кеңес алды. Барлығы 26 адам АИТВ-инфекциясына жедел тест тапсырды.