Ұлттық «Тандем» радиостанциясында АИТВ-инфекциясы мәселесі бойынша сөз сөйленді
Дүниежүзілік ЖИТС-ке қарсы күрес күні аясында Ұлттық «Тандем» радиостанциясының «Аймақ тынысы» бағдарламасында АИТВ инфекциясының мәселесі бойынша сөз талқыланды. Облыстық ЖИТС орталығының алдын алу бөлімінің меңгерушісі Айжан Жайлаубаева Ақтөбе облысы бойынша эпидемиологиялық жағдаймен, АИТВ-инфекциясы оның берілу жолдары және АИТВ-инфекциясының алдын алу мақсатында жүргізіліп жатқан іс-шаралармен таныстырды.
«Ақтөбе облысында 20 қарашамен - 1 желтоқсан аралығында Дүниежүзілік ЖИТС-ке қарсы күрес күніне орай түрлі іс-шаралар өткізіліп жатыр. Атап өтсек 16-22 жас аралығындағы жастар арасында волейболдан облыстық спартакиада, халықтың көп шоғырланатын жері «Керуен сити» ойын сауық орталығында АИТВ-инфекциясына жедел тест тапсыру мүмкіндігімен науқан, қала колледждерімен университет студенттері арасында «Квиз» интелектуалдық ойыны» өткізілуде» деп атап өтті өз сөзінде Айжан Жайлаубаева.