05
декабрь 2024
Дүниежүзілік ЖИТС-ке қарсы күрес күніне арналған шаралар қортынланды
Ақтөбе облысында 20 қараша және 1 желтоқсан аралығында Дүниежүзілік ЖИТС-ке қарсы күрес күніне орай он күндік өткізілді. ЖИТС ОО дәрігер эпидемиологы Алтынай Артықбаева 4 желтоқсан күні Рика Тв телеарнасының «Жаңа таң» бағдарламасына онкүндік аясында өткізілген іс-шаралар туралы ақпарат берді. Бағдарламада сонымен қатар АИТВ-жұқпасы бойынша облыста қалыптасқан эпидемиологиялық жағдай туралы, АИТВ– инфекциясына ең көп шалдығатын халықтың негізгі топтарымен Сенім бекетіндегі, Достық кабинетінде жүргізілетін жұмыстар туралы айтылды. Сонымен қатар маман тұрғындарды қауіпті мінез құлық болған кезде АИТВ-ға уақытылы тексеріліп өз АИТВ-статусын білуді шақырды. АИТВ-ға зертханалық тексеру тұрғындарға тегін жүргізіледі. АИТВ жұқпасын дер кезінде анықтап ем қабылдау өмір сапасын және өмір сүру ұзақтығын арттыруға көмектеседі».
