Халықаралық еріктілер күні атап өтілді
Жыл сайын 5 желтоқсанда Халықаралық еріктілер күні атап өтіледі. Ақтөбе облыстық ЖИТС орталығының мамандары осы күнді атап өту үшін және АИТВ-инфекциясының алдын алу ісіне қосқан үлесі үшін аутрич қызметкерлеріне алғыс айту мақсатында кездесу өткізді. Аутрич қызметкерлер волонтер ретінде АИТВ-ның алдын алу шараларына қатысады. Инъекциялық есірткі тұтынушы адамдарға, секс-жұмыскерлерге және ерлермен жыныстық қатынасқа түсетін ер адамдарға АИТВ-дан қорғау құралдарын ұсынады. Аутрич-қызметкердің жұмысына халықтың негізгі топтары арасында АИТВ-ға жедел тестілеу жүргізу де кіреді.
ЖИТС орталығымен "Наша жизнь" ҚҚ үкіметтік емес ұйымының еріктілері де тығыз жұмыс істейді. Аутрич қызметкерлері мен еріктілердің көмегі нәтижесінде ЕЖЕ-дің 80 пайызы анықталды. ЖИТС-орталығының дәрігерлері анықталған адамдар арасында АИТВ-инфекциясының алдын алу бойынша шаралар қабылдады.
Халықаралық еріктілер күніне арналған іс-шарада аутрич қызметкерлері АИТВ туралы сұрақтарға жауап берді. Белсенді қатысушыларға сыйлықтар табысталды.


