Дәрігерлермен сұхбат

Ақтөбе облысында АИТВ-инфекциясының алдын алу мақсатында медицина қызметкерлерінің тарапынан халық арасында түрлі шаралар өткізілуде. Алдын алу шараларының басты бағыттарының бірі АИТВ — ның вертикалды (анасынан баласына) берілуінің алдын алу, инъекциялық есірткі қолданатын адамдарда АИТВ-инфекциясының алдын алу, инфекцияның жыныстық жолмен берілунің алдын алу туралы және т.б. маңызды сұрақтар жөнінде «Желіде 103» бағдарламасында сөз қозғалды.
ЖИТС орталығының алдын алу бөлімінің меңгерушісі Айжан Жайлаубаева және эпидемиологиялық бөлімінің дәрігер эпидемиологы Динара Қалқабай АИТВ-инфекциясының алдын алу мақсатында «AQTOBE» телеарнасының жан мен тәннің саулығына арналған «Желіде 103» бағдарламасына сұхбат берді.