Ақтөбе Көпсалалы ауруханасында АИТВ-ға жедел тестілеуді қою бойынша оқыту өтті
Ақтөбе ЖИТС орталығының мамандары АИТВ-инфекциясына жедел тестілеуді қою бойынша практикалық сабақтар өткізді. Іс-шара көпсалалы облыстық аурухана базасында медицина қызметкерлері үшін ұйымдастырылды.
Оқу барысында ЖИТС орталығының мамандары "АИТВ-инфекциясының бар-жоғына міндетті құпия медициналық тексеру ережелері"тақырыбында семинар өткізді. АИТВ-инфекциясына жедел тестілеу авариялық жағдайларда зардап шеккен медицина қызметкерлері мен авария кезінде инфекцияның ықтимал көздері болып табылатын адамдар, сондай-ақ белгілі бір тұрғылықты жері жоқ және стационарлық жағдайларда емделуге түскендердің жеке басын куәландыратын құжаттары жоқ адамдар арасында жүргізіледі.
АИТВ-инфекциясын тексерудің практикалық сабағы капиллярлық қанның көмегімен p24 вирустық антигенін және АИТВ-ның бірінші және екінші типті антиденелерін анықтайтын жедел сынақтармен жүргізілді.


