Шетелдік медицина студенттерімен кездесу.
21 ақпан күні Жастар ісі жөніңдегі қызметтің ұйымдастырумен «АИТВ жұқпасы және ЖИТС ауруы» тақырыбында кездесу өтті. Кездесудің басты мақсаты: шетелдік студенттерге қауіпті аурудың алдын алу және салауатты өмір салтын қалыптастыру. Кездесуде Облыстық ЖИТС орталығының эпидемиологі Сандугаш Жулмагамбетова халықаралық медицина факультетінің студенттеріне , АИТВ жұқпасының алдын алу туралы кеңінен таныстырды. Білім алушылар АИТВ инфекциясы, жұқтыру жолдары және одан қорғану ақпараттарын тыңдады. Іс шара соңында шетелдік студенттердің сұрақтарына жауап берді.