23
апрель 2019
Студенттермен кездесу
2019 жылдың 19 сәуірінде облыстық ЖИТС алдын алу және оған қарсы күрес орталығының эпидемиолог дәрігері А. Артықбаева С. Бәйішев атындағы жоғары медициналық колледж студенттерімен кездесу өткізді.
Кездесу барысында студенттер АИТВ–жұқпасының берілу жолдары, алдын алу және өңірдегі эпидемиологиялық жағдай туралы білді. Студенттер үлкен қызығушылық танытып, тақырыпты талқылауға белсенді қатысты. Дәрігер-эпидемиолог студенттерді қызықтырған барлық сауалдарға жауап берді. Іс-шара соңында қатысушыларға ақпараттық- ағарту материалдары үлестірілді.