Благодар орта мектебінің оқушыларына дәріс


АИТВ-инфекциясының алдын алу мақсатында 10 сәуір күні Благодар орта мектебінің оқушыларына дәрістер өткізілді. Облыстық ЖИТС орталығының маманы самал Муханбетжанова іс-шара барысында оқушыларға АИТВ-инфекциясы, берілу жолдары және оның алдын алу шаралары, АИТВ-инфекциясымен өмір сүретін адамдарға қатысты стигма және кемсітушілікке жол бермеу туралы ақпарат берді. Ақтөбе облысы бойынша қалыптасқан эпидемиологиялық жағдаймен таныстырды. Маман оқушыларға стигма, кемсітушілік алдын алу бойынша және АИТВ-инфекциясының берілу жолдары бойынша тренинг өткізді.