15-сәуір - Ғашықтар күні

Бүгін - 15-сәуір қазақ жастарының арасында ғашықтар күні тойланады. 2011 жылдан бері аталып өтетін бұл мейрам шексіз махаббаттың символына айналған «Қозы Көрпеш — Баян Сұлу» есімдерімен де байланысты.
Бұл тек романтика, сыйлықтар мен сүйіспеншілікті мойындау күні емес. Сонымен қатар, екі жұптың салауатты қарым-қатынасын сақтау қаншалықты маңызды екендігі туралы ойлануға тамаша себеп. Олардың бірі жыныстық жолмен берілетін инфекциялардың алдын алу шаралары.
Жыныстық жолмен берілетін инфекциялар (ЖЖБИ) – негізінен науқас адамнан сау адамға жыныстық қатынас арқылы берілетін жұқпалы аурулар тобы.
Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы (ДДҰ) жыл сайын әлемде 15-49 жас аралығындағы 340 миллионнан астам ерлер мен әйелдер ЖЖБИ жұқтырады деп есептейді
Күн сайын жыныстық жолмен берілетін инфекциялардың миллионнан астам жағдайы орын алады.
Адам папиллома вирусы жыл сайын жатыр мойны обырының 570 000 жағдайына әкеледі.
ЖЖБИ-нің болуы ерлерде де, әйелдерде де бедеулікке, жыныстық дисфункцияға, жүктіліктің қолайсыз нәтижелеріне (түсіктер, мерзімінен бұрын босанулар, өлі туулар, ұрықтың дамуындағы ауытқулар) әкелуі мүмкін.
ӨЗІҢІЗДІ ЖЖБИ-ден ҚАЛАЙ САҚТАУҒА БОЛАДЫ?
Кездейсоқ жыныстық қатынастан аулақ болыңыз және бір жыныстық серіктеспен жыныстық қатынасқа түсіңіз.
Контрацепцияның тосқауыл әдістерін қолданыңыз-мүшеқаптарды.
Гигиеналық нормалар мен жеке гигиена ережелерін сақтау, жеке құралдар мен гигиена заттарын, косметикалық керек-жарақтарды, іш киімдерді, сүлгілерді пайдалану.
Әйелдер гинекологқа жарты жылда бір рет, ал ерлер урологқа жылына бір рет қаралу керек.
Вирустық инфекцияға — гепатитке, адам папилломавирусына қарсы екпе алу.
Қорғалмаған жыныстық қатынастан кейін және тән клиникалық белгілердің пайда болуынан кейін дәрігерге шұғыл түрде бару керек.