Ең басты қағидат - құпиялылық


АИТВ-инфекциясын жұқтыру қаупі жоғары халықтың негізгі топтары арасында АИТВ – инфекциясының таралуының алдын алу мақсатында Облыстық ЖИТС орталықтарында Достық кабинеттері жұмыс істейді. Бұл кабинеттер еріктілік және құпиялылық қағидаттары бойынша тегін негізде жыныстық жолмен берілетін жұқпалы аурулар кезінде профилактикалық және емдеу-диагностикалық көмек көрсетеді.
Ақтөбе облыстық ЖИТС орталығының достық кабинеті 2004 жылдан бастап жұмыс істейді, онда дерматовенеролог, гинеколог, инфекционист және психотерапевт сияқты мамандар қабылдау жүргізеді. Мұнда жыныстық жолмен берілетін инфекциялардың (ЖЖБИ) және вирустық гепатиттердің ПТР диагностикасынан өтуге болады.
Достық кабинет көрсететін профилактикалық іс-шаралар тізіміне АИТВ-инфекциясының байланысқа дейінгі және байланыстан кейінгі профилактикасын ұсыну да кіреді. Достық кабинеттердегі АИТВ-ның байланыстан кейінгі алдын алу негізінен төтенше жағдайлар туындаған кезде, мысалы, қорғалмаған жыныстық қатынас немесе кездейсоқ кесу және инъекция болған жағдайда беріледі.