Ойыл ауданында АИТВ-инфекциясы бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілді




16-17 сәуір күндері Облыстық ЖИТС орталығының мамандары Жүсіпалиева Назгүл, Меруерт Матаева, Маханова Айнур АИТВ-инфекциясының алдын алу мақсатында Ойыл ауданына іс-сапармен барды. Іс сапар барысында Ойыл аудандық ауруханасының медицина қызметкерлеріне, Ойыл қазақ орта мектебі, Ж.Жүсібалиев атындағы Ойыл қазақ орта мектебі, Ш.Бекмұхамбетова атындағы мектеп-гимназиясы мұғалімдерімен оқушыларына, Ойыл аудандық ішкі істер бөлімінің қызметкерлеріне семинарлар, дәрістер жүргізілді. Мамандар АИТВ-инфекциясынан қорғау шаралары мен берілу жолдары, стигма, АИТВ-инфекциясымен өмір сүретін адамдарға қатысты кемсітушілікке жол бермеу туралы және Ақтөбе облысы бойынша АИТВ-жұқпасына байланысты эпидемиологиялық жағдаймен таныстырды. Іс-шара барысында стигма, кемсітушілік және АИТВ-инфекциясының берілу жолдары бойынша тренинг өткізілді.