АИТВ-инфекциясының алдын алу ісіндегі мемлекеттік және мемлекеттік емес секторлардың әріптестігі туралы
17-18 сәуірде Алматы қаласында диалог алаңы өтті, онда АИТВ-ның алдын алу жөніндегі облыстық және қалалық орталықтардың, үкіметтік емес және халықаралық ұйымдардың бас дәрігерлері мен өкілдері АИТВ-инфекциясының алдын алу ісінде мемлекеттік және мемлекеттік емес секторлардың әріптестігін нығайту мәселелерін талқылады. Іс-шара "АИТВ" компоненті бойынша "Қазақстан Республикасында 2024-2026 жылдар кезеңінде халықтың негізгі топтары арасында АИТВ-инфекциясын тежеу бойынша орнықты стратегиялық шараларды іске асыру" жобасы шеңберінде ЖИТС, туберкулез және безгекпен күрес жөніндегі Жаһандық қордың бастамасы бойынша өтті.
Кездесудің бірінші күні Ақтөбе облысының ЖИТС орталығынан ҒҚ жобасының үйлестірушісі Айжан Жайлаубаева "Халықтың негізгі топтары арасында кбайланысқа дейінгі профилактиканы кеңейту: Ақтөбе қаласындағы табысты тәжірибе" тақырыбында баяндама жасап, ХНТ-ны байланысқа дейінгі профилактикаға, профилактикалық бағдарламаларға тарту және ҮЕҰ-мен әріптестік бойынша нысаналы индикаторларға қол жеткізу бойынша жұмыс барысы туралы айтты.

- "ЖИТС орталығы мен "Наша жизнь" ҚҚ-ның үйлесімді жұмысының арқасында 2025 жылдың 1 тоқсанында Ақтөбеде 318 клиент байланысқа дейінгі профилактика қызметтерімен қамтылды. Сонымен қатар, ХНТ-ны байланысқа дейінгі профилактикамен қамтуды арттыру үшін әлеуметтік желілер мен мессенджерлер арқылы кеңес беретін веб-аутрич жұмыстары енгізілді, сондай-ақ сәрсенбі күндері ҮЕҰ-да достық кабинетінің мамандарының қабылдауы жүргізілуде. БДП қабылдайтын тұлғалардың айтарлықтай өсуі ДК-де байланысқа дейінгі профилактикаға тестілеуден өткен барлық клиенттерді белсенді түрде жібере бастаған қызметкерлерге ақшалай өтемақыларды көрсетеді", - деп атап өтті Ақтөбе облысының ЖИТС орталығының ҒҚ жобасының үйлестірушісі Айжан Жайлаубаева.

Диалог алаңына қатысушылар өз кезегінде профилактикалық бағдарламаларды іске асыруда ҮЕҰ мен ЖИТС орталықтарының өзара іс-қимылын жақсарту, АИТВ-инфекциясының профилактикасына жаңа онлайн құралдарды енгізу туралы баяндамалар жасады және мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс шеңберінде мемлекеттік қаржыландыруды бөлу бойынша өңірлердің табысты тәжірибелерін талқылады.