Мәртөк ауданында АИТВ-инфекциясының алдын алу мақсатында дәрістер өткізілді
АИТВ-инфекциясының алдын алу мақсатында Мәртөк ауданына іссапар кезінде Мәртөк аудандық ауруханасына Ақтөбе облыстық ЖИТС орталығының мамандары ұйымдастырушылық-әдістемелік көмек өткізді.
Іс-шара барысында эпидемиологиялық бөлімінің дәрігер эпидемиологы Садыков Талғат АИТВ/ЖИТС жөніндегі нормативтік құқықтық актілері, клиникалық көрсетілімдер бойынша балаларды тексеру, тиісті контингенттің, оның ішінде жүкті әйелдер мен олардың жыныстық серіктестерінің, реципиенттер мен фертильдік жастағы әйелдердің АИТВ-инфекциясына тексеру мәселелері бойынша медицина қызметкерлеріне семинар өткізді.
Семинар барысында АИТВ-ға экспресс-тестілеуді өткізу техникасы, экспресс-тестілеудің сапасын қамтамасыз ету және бақылау, нәтижелерді түсіндіру құжаттамасын жүргізу негіздері мәселелері қамтылды.

Профилактикалық бөлімінің дәрігер эпидемиологы Уразалинова Динара тыңдаушыларға АИТВ-ға жедел тестілеуді өткізу әдістемесі техникасы бойынша оқыту шеберлік сыныбын өткізді.

Сонымен қатар АИТВ-инфекциясының алдын алу мақсатында №1,4 Мәртөк жалпы білім беретін орта мектебінің оқушыларына дәрістер өткізді. Маман АИТВ-инфекциясынан қорғау шаралары мен берілу жолдары, стигма, АИТВ-позитивті адамдарға қатысты кемсітушілікке жол бермеу туралы ажәне Ақтөбе облысы бойынша АИТВ-жұқпасына байланысты эпидемиологиялық жағдаймен таныстырды.

