Облыстық перинаталдық орталығының медицина қызметкерлеріне АИТВ туралы айтылды
АИТВ-инфекциясының алдын алу мақсатында облыстық перинаталдық орталығының медицина қызметкерлеріне ЖИТС орталығының мамандары ұйымдастырушылық-әдістемелік көмек өткізді.
Іс-шара барысында эпидемиологиялық бөлімінің меңгерушісі Самат Муртазин облыс бойынша қалыптасқан АИТВ-инфекциясына байланысты эпидемиологиялық жағдаймен, АИТВ/ЖИТС жөніндегі нормативтік құқықтық актілері бойынша медицина қызметкерлеріне дәріс оқыды.


Қазақстан Республикасында АИТВ-инфекциясының алдын алу жөніндегі 2023-2026 жылдарға арналған Жол картасын іске асыру шеңберінде алдын алу бөлімінің меңгерушісі Айжан Жайлаубаева, емдеу алдын алу бөлімінің дәрігер инфекционисті Айнур Маханова «АИТВ, мерез және С гепатитінің анадан балаға берілуінің алдын алу», «АИТВ-инфекциясын және онымен байланысты ауруларды диагностикалау, алдын алу және емдеу», «АИТВ-мен өмір сүретін адамдарға және жұқтыру қаупі жоғары негізгі топтарға қатысты стигма және кемсітушілік» тақырыптарында бейресми оқыту жүргізді.


Семинар барысында дәрігер зертханашы Гулзада Исмаилова АИТВ-ға экспресс-тестілеуді өткізу техникасы, экспресс-тестілеудің сапасын қамтамасыз ету және бақылау, нәтижелерді түсіндіру құжаттамасын жүргізу негіздері мәселелері бойынша практикалық сабақ өткізді.
