ІІМ және ҚАЖД жүйесінде АИТВ-инфекциясы бойынша профилактикалық жұмыс мәселелері талқыланды
25 сәуірде облыстық ЖИТС-тың алдын алу және оған қарсы күрес жөніндегі орталығының мәжіліс залында Қылмыстық атқару жүйесі департаменті, Есірткі бизнесіне қарсы күрес басқармасы және №2 қалалық емхана мекемелерінің медицина қызметкерлеріне арналған семинар-кеңес өтті.
Іс-шараның тақырыбы: 2024ж. және 2024ж.1 жартыжылдығының қорытындысы бойынша «Ақтөбе облысының ІІД және ҚАЖД жүйесіндегі АИТВ-инфекциясын алдын алу шараларының жағдайы туралы» болып табылады.


Эпидемиологиялық бөлімінің меңгерушісі Самат Мұртазин Ақтөбе облысында және пенитенциарлық жүйеде 2024ж. және 2024ж.1 жартыжылдықта АИТВ инфекциясы бойынша эпидемиологиялық жағдай, арнайы контингентті тексеру, байланыстан кейінгі профилактика бойынша жұмысты ұйымдастыру, медицина қызметкерлері арасында авариялық жағдайлар кезінде шараларды сақтау туралы презентация жасап, баяндады.