Шалқар ауданына іс сапар: барлығы АИТВ туралы Облыстық ЖИТС орталығының мамандары Муртазин Самат және Жулмагамбетова Сандуғаш халық арасында АИТВ-инфекциясы бойынша профилактикалық іс-шараларды өткізу үшін Шалқар ауданына іссапармен барды. Жұмыс сапа

Облыстық ЖИТС орталығының мамандары Муртазин Самат және Жулмагамбетова Сандуғаш халық арасында АИТВ-инфекциясы бойынша профилактикалық іс-шараларды өткізу үшін Шалқар ауданына іссапармен барды.
Жұмыс сапары барысында Шалқар аудандық ауруханасының медицина қызметкерлері, Шалқар көпсалалы колледжі, сондай-ақ мектеп мұғалімдерімен оқушылары қамтылды.
Іс-шара барысында тыңдаушыларға АИТВ-инфекциясы, берілу жолдары, алдын алу шаралары, облыс бойынша эпидемиологиялық жағдай туралы ақпарат берілді. Сондай-ақ салауатты өмір салтын сақтау, қауіпсіз жыныстық мінез-құлық, АИТВ-позитивті адамдарға қатысты стигма мен кемсітушіліктің алдын алу мәселелері қаралды.